Хабарландыру » Qadyrgali Jalaiyr atyndagy №6 orta mektep
Алматы облысы
Қонаев білім бөлімінің
"Қ. Жалайыр атындағы №6 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 71-2-06
Есепші бөлімі:
+7(72772) 71-2-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2022

Хабарландыру

Хабарландыру!
КОНКУРС
«Алматы облысының білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Шеңгелді ауылындағы Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
бос тұрған лауазымға тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.

Пошталық мекен-жайы: индексі: 040809, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, 10. Телефон: 87071916166, электрондық адресі: shengeldy06@mail.ru.
«Алматы облысының білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Шеңгелді ауылындағы Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныбы) мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі(орысша) мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
- педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-модератор, педагог – сарапшының, педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);
Лауазымдық міндеттері:
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді,
білім беру ұйымы, қала, облыс деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады;
қала/өңір, облыс деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
Білуге міндетті:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясын;
2.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін;
3. Қазақстан Республикасының "Білім туралы";
4. "Педагог мәртебесі туралы";
5. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын;
6. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
7. Педагогика және психология негіздерін,
8. Қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;
Лауазымдық айлық ақы мөлшері:
Қызмет өткерген жылдарына байланысты 1 жылдан 10 жылға дейін – 180 000 теңге, 10 жылдан жоғары – 200 000 теңге.
Конкурс өткізуорны және күні:
Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, 10 бойынша өтеді.
Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Байқаушының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Пошталық мекен-жайы: индексі: 040809, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, 10. Телефон: 87071916166, электрондық адресі: shengeldy06@mail.ru.


Похожие публикации:

07 ноябрь 2022 Хабарландыру
01 ноябрь 2022 Хабарландыру
25 октябрь 2022 Хабарландыру
26 август 2022 Хабарландыру
20 сентябрь 2022 Хабарландыру
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив